StarLine E96 v2 KZ ECO Lora күзет-телематикалық кешені көлікті ұрлық пен қарақшылық шабуылдардан қорғауға арналған. Жүйені басқару брелок арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі артықшылықтарыҚабылдағыш-таратқыш модулі
Ішкі дыбыстық хабарлағыш – иесіне ыңғайлы ескерту үшін
«Slave» режимінде жұмыс істеу – көліктің штаттық брелогы арқылы күзет режимін қосу немесе өшіру
Қосымша иеленушіні авторизациялау – штаттық батырмаларды пайдаланып құпия код енгізу арқылы
StarLine диалогтық басқару коды – 128 биттік жеке шифрлау кілттерімен, барлық белгілі кодграбберлерден сенімді қорғаныс қамтамасыз етеді
2CAN+4LIN интерфейсі – сандық шиналар арқылы көбірек функцияларды іске асыруға мүмкіндік береді
Қозғалтқыштың алдын ала жылытқыш құрылғыларын қашықтан басқару
Штаттық иммобилайзерді айналып өту – уақытша ажырату модулі (аналогтық қосылу) немесе iKey технологиясы арқылы (CAN, LIN сандық шиналары бойынша)
Бапталатын әмбебап кіріс/шығыс арналары
StarLine Мастер арнайы қолданбасы – иесінің қалауы мен көлік ерекшеліктеріне қарай кешенді жеке баптауға және құрылғының бағдарламалық жасақтамасын жаңартуға мүмкіндік береді